« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Бүгін, 9 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII қысқы Олимпиада ресми түрде басталады. Астана уақытымен 17:00-де Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтеді. Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев көтеріп шығады.
Олимпиадаға Қазақстаннан 49 спортшы 57 жолдама жеңіп алды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Айта кетейік, Олимпиадада жалпы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Олимпиада тарихынан:
Қазақстан1994 жылы алғаш рет тәуелсіз мемлекет ретінде Қысқы Олимпиадаға қатысып, 1 алтын, 2 күміс медаль еншіледі.
Бұл үш медальды да шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алды.
Сол уақыттан бері Қазақстан спортшылары Қысқы Олимпиада ойындарынан бірде-бір алтын жүлде алмаған.
Тек 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен соңғы Қысқы ойындарда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола жүлдені қанжығасына байлады.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |