Сыр өңірі Астана мерейтойына музей тарту етеді

Астананың 20 жылдық мерейтойына Сыр өңірі ғарыш мұражайын тарту етеді. Елорда төрінде салынатын ашық аспан астындағы музей 1,4 гектар аумақты құрайды.
Жер кіндігі Байқоңырдың Сарыарқа төсіндегі бөлшегінде «Зенит», «Союз, «Протон» зымырандарының макеті қойылады. Сондай-ақ орбитааралық «Боран» кемесі де көпшілік назарына ұсынылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Серік Қожаниязов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:
– Облыстық бюджеттен ақша бөлініп, соны жасап жатырмыз. 1 шілдеге дейін орнатып, тапсыратын боламыз. Істеп болғаннан кейін «Ұлттық ғарыш орталығы» иесі болып табылатын «Ғарыш сапары» мекемесі бар, соларға тапсырамыз.

www.24.kz
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2018 г. 864 0