Қытайлық Gezhouba Group компаниясы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында цемeнт зауытын салудың мүмкіндігін қарастырып көрмек.
Бұл туралы инвестор Ли Мин тілшімізге берген сұхбатында айтты. Жоба бойынша жаңа зауыт жылына 750 мың тонна өнім өндіреді. Бұл компания қазір Шиеліде жылдық қуаты 1 млн тонна цементке жететін кәсіпорын салып жатыр. Зауыт биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Тампонажды цемент ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталатын болады. Жоба құны 64 миллиард теңге. Кәсіпорын іске қосылғанда жергілікті 260 адам жұмыспен қамтылады. Бұл – қазақ-қытай арасындағы бірлескен 51 жобаның бірі. Шығарылған өнім құрылыс, мұнай-газ және уран өндірісінде кең қолданылады.
Ли Мин, Gezhouba Group Cement басқарма төрағасы:
– Бұл зауыт Қазақстан Республикасының экологиялық заң талаптарына сай жұмыс істейтін болады. Біз осы жобаның екі жаққа да үлкен табыс әкелетініне сенімдіміз. Екі ел басшыларының қолдауымен жүзеге асып жатқан зауыт жылына 1 миллион тонна цемент өндіруге қауқарлы.
www.24.kz