« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндетерді жүзеге асыру мен өткен жылды қорытындылау мақсатында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов баспасөз мәслихатын өткізді.
Соңғы үш жылда аудан экономикасы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жүйелі жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары мен кәсіпкерлік нысандар көптеп ашылған. Аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артып, іс бастаған адамдар қолдау тауып отыр. Мәселен, 2017 жылы қаржы ұйымдары тарапынан 330 жобаға 1 млрд 93 млн теңге жеңілдетілген несие берілген. Атап айтсақ, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 15 жоба, “Қызылорда” Өңірлік инвестициялық орталығы” арқылы өндіріс және қызмет көрсету саласында 7 жоба, “Даму Өңірлер” бағдарламасы аясында 5 жоба, “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған” бағдарламасы негізінде 53 жоба жүзеге асырылды.
– Мұндай жобалардың жүзеге асуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызуда. 2017 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4135 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға артты. Ал, олардан түскен салық көлемі 12 пайызға өсіп отыр, – дейді С.Мақашов.
Ауданда мұнан бөлек, өндірістің өңдеу саласын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында “Қармақшы – Құс” серіктестігінің жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауыт құрылысын бастады. Сондай-ақ, “МиР-2001” ЖШС-ның “Құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы” жобасын іске қосу бойынша жұмыстар аяқталып, биыл темір бетон зауыты іске қосылмақ.
Өңірдің ауылшаруашылық саласында да ілгерлеуі басым. Өткен жылы аудан диқандары күріштің әр гектарынан орта есеппен 59,5 центнерден өнім алып, облыс бойынша “Озат аудан” номинациясын иеленді. Айта кету керек, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу мақсатында Ақтөбе ауылында “Ақтөбе и К” Оңтүстік Кореялық күріш өңдеу зауытын іске қосты. Оған қосымша 10 мың тонна астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға беріліп отыр. Сонымен қатар, түлік түрлерін көбейту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылды. 2017 жылы бұл салаға 53,9 млн теңге субсидия бөлінген. Бұл ретте, “Сыбаға”, “Құлан”, “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламалары тиімді жүзеге асырылып келеді.
Қармақшы ауданының басты жаңалығының бірі – Жосалы кентін газдандыру жобасы. Өткен жылы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральді газ құбырының 14,5 шақырымы мен АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы басталған болатын. Алдағы мамыр айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, кент тұрғындары көгілдір отынмен толық қамтылады..Байқоңыр қаласы, Төретам мен Ақай елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайы да үнемі назарда. Жыл аяғында Байқоңыр қаласына газ берілді. Биыл Байқоңыр мен Ақай ауылдық шекарасында Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы басталмақ.
Жалпы білім, денсаулық, құрылыс, әлеуметтік салаларының жұмыстарында да оң өзгерістер бар. Мысалы, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,2 млрд теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 5,3 есеге өскен. Үстіміздегі жылы бұл қаржыны 9,5 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Құрылысты қарқынды жүргізудің нәтижеснде, қазіргі таңда ауданда апаттық жағдайда мектептер жоқ. Бірнеше жылдан бері жұмысын тоқтатып тұрған лагердің жұмысы қайта жанданбақ. Ауқымды тірліктің атқарылуын сөз еткен жиын соңында аудан басшысына БАҚ өкілдері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ (сурет)
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |