« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2016 жылы электронды денсаулық сақтауды дамыту концепциясы бекітілген. Соған сәйкес, саланы ақпараттандыру жұмыстары жүйеленді. Бүгінде емдеуге жатқызу бюросы, бекітілген халық тіркелімі, стационарлық, онкологиялық, диспансерлік науқастардың тіркелімі, дәрілік қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
"Ақпараттық жүйені енгізу арқылы денсаулық сақтау ұйымдары автоматтандырылады. Клиникалық және әкімшілік қажетті ақпаратты қалыптастырады және кезең-кезеңімен қағазсыз технологияларға көшу қамтамасыз етіледі. Бүгінде компьютерлік техникамен жабдықталу 80 пайызды, ал интернет желісіне қол жетімділік 77,6 пайызды құрайды. Денсаулық сақтау ұйымдарын компьтерлендіруді биыл 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осы жылы мыңнан аса компьтерлік техника алынады", - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сонымен қатар, облыс бойынша жедел медициналық көмек қызметі стансасы "Көмек" автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жұмыс жасап жатқанына 2 жыл болды. Қазіргі таңда, жедел көмек бригадалары GPS навигациясымен 100% қамтамасыз етілген.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |