« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бизнесті дамыту және қолдау үшін 38,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сулейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Мекеме басшысы шағын және орта бизнесті дамытудың әдістерін де айтқан.
«2018 жылы бизнестің жол картасы бойынша 38,8 млрд теңге қарастырылған. Субсидияға, несие кепілдемесіне, мемлекеттік гранттарға 30 млрд теңге бөлінбек. Жаңа жобаларда бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 10 аймақ бойынша 12,2 млрд теңге бюджеттік өтінім дайындалған», - дейді министр Сүлейменов.
Бұл ретте, министрліктің есебінше, Ақмола облысының кәсіпкерлері - 1,8 млрд теңге, Ақтөбе - 1,3 млрд теңге, Атырау - 589 млн теңге, Жамбыл - 1,2 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысы - 1,3 млрд теңге, Қарағанды - 1 млрд теңге, Маңғыстау - 854 млн теңге, Павлодар – 1 млрд теңге, Солтүстік Қазақстандық кәсіпкерлер - 1,4 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкерлер - 1,5 млрд теңге қаражат алады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |