Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев жергілікті кәсіпкерлерді қабылдады. Кездесуде баға тұрақтылығы мен сырттан тасымалданатын азық-түлік мәселелері талқыланды.
Аудан басшысы картоп пен көкөніс түрлерін биылдан бастап жергілікті халықтың өздері егіп, өнім алуына мүмкіндік жасалатындығын айтты. Бұл арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылық өнімдерінің импортталуын төмендету жолға қойылмақ. Өз кезегінде кәсіпкерлер де жергілікті өнімді қолдайтындықтарын жеткізді.