Қоғамдық көліктер жаңғыртылады

Биылдан бастап Жаңақорған кентінде бес және ауылдық округтерге сегіз бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайтын болады. Бұл туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейлов аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында мәлімдеді.

– Қазір жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік және кентішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру үшін конкурстық комиссия құрылды. Конкурсқа «Жаңақорған-М.Нәлібаев-Өзгент», «Жаңақорған-Бірлік», «Жаңақорған-Қожакент», «Жаңақорған-Сунақата-Екпінді», «Жаңақорған-Жайылма», Жаңақорған-Талап-Кеңес», «Жаңақорған-Қыраш-Қосүйеңкі», «Жаңақорған-Кейден» бағытында түсуде. Сондай-ақ, кентішілік «Қорғантоғай-Саяжай», «Жаңаауыл-МАЙ бекеті», «Бибек-Алтынсарин», «Жеңіс» көшесі бойымен-Қ.Алдабергенұлы көшесіне дейін», «С.Қожанов-№110» мектеп лицей аралығы қамтылады. 2018 жылдың 23-ақпанында конкурстық комиссияның нәтижесімен жеңімпаздары анықталып, бағыттар бойынша қоғамдық көліктер жүреді, – деді сала басшысы.

Енді наурыз айынан бастап жергілікті тұрғындар қоғамдық көліктің игілігін көретін болады. Қуантарлығы, кентішілік көлік бағасы – 50 теңге.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2018 г. 852 0