« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бұған дейін әкімдердің есеп беру жиынында Белкөл кентіне газ беру мәселесі көтерілген еді. Міне, ол да өз шешімін тауып, ел пікірі ескерусіз қалмасына көз жеткізіп отырмыз.
Өткен жылы көгілдір отын келіп, соның игілігін көріп отырғандардың бірі – бізбіз.
Бұған дейін небір қиын кезеңдерді бастан өткердік. Сондай шақтарда далаға шығып, отын бұтау оңайға түспейтін. Әсіресе, қаңтардың қақаған аязы бет қаратпайды. Оның үстіне, үйің үнемі жылы болуы үшін бір адам от жағумен айналысуы керек. От жағасың, күл шығарасың дегендей, әйтеуір, бітпейтін бір машақат.
Былтыр Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс әкімі Қ.Көшербаев өзі келіп, кентке табиғи газ қосу рәсімін өткізді. Ел-жұрт болып түгел қуандық. От жағудың әлегін білеміз ғой. Бұл бір жағы қыз-келіншектерге де дұрыс болды. Балаларды да тоңады деп уайымдамайсың. Жылы үйде жылулық та көп болады екен. Табиғат тосын мінез танытып, дала қандай суық болса да үйіміз жылы.
Жыл санап облысымыз дамып келеді. Біз мұны ақпарат құралдарынан көріп-біліп отырамыз. Әсіресе, соңғы жылдары көптеген істердің атқарылғанына куә болдық. Ең бастысы, елдің пікірі ескерілетініне көзіміз жетті. Бұл – дамуға бет алыстың айқын көрінісі. Ал, мұны Қызылордаға келіп, қонақ болып жүрген өзге өңірлердің тұрғындары ерекше ықыласпен айтады. «Ырыс – алды ынтымақ» дегендей бірлікпен жасалар баянды тірлік көп болсын дегім келеді.
Бақытгүл ЕРЖАНОВА,
Белкөл кентінің тұрғыны.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |