« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс бойынша 30 техникалық және кәсіптік білім беретін мекеме жұмыс жасайды (16 мемлекеттік, 14 жекеменшік), онда 97 мамандық пен 167 біліктілікпен 22480 студент білім алуда.
2017 жылдан бастап жастарға жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік беретін«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы басталды (жұмысшы мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын бөлінді).
Дуальдыоқыту технологиясына негізделген кәсіптік білім беру саласында 23 колледжде 78 мамандық бойынша 1926 студент білім алуда.
2017-2018 оқу жылынан бастап, 25 техникалық және кәсіптік білім оқу орнында 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары эксперимент ретінде енгізілді.
3техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны халықаралық институционалды аккредитациядан өтті (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан»колледжі, «Болашақ» медициналық колледжі).
Сонымен қатар, 3 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны жоғары колледж статусын иеленді (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғарыколледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағыҚызылорда педагогикалық жоғары колледжі).
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 240 инженер-педагогі мен 11директоры және 14 арнаулы пән мұғалімдері республикамызда және шетелдерде біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін дәстүрге айналған «Кәсіптік білімберу және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы ұйымдастырылып, өткізілді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |