Облыс әкімінің есепті кездесуі

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың 2018 жылғы 14 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған.

АРАЛ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімі аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйінің ғимараттары.
Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімі аппараттарының, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазалы теміржол вокзалы, «Талап» автостанциясы, «Ырыс-Болашақ» базары, Қазалы қалалық мәдениет үйі ғимараттары.

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Жосалы кенті әкімінің аппараты, теміржол вокзалы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі ғимараттары.

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімінің аппараты, Жалағаш кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі,  аудандық емхана, №202 орта мектеп ғимараттары.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, №35, №36, №210 және №131 орта мектептердің ғимараттары.

ШИЕЛІ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімінің аппараты, Шиелі кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, мемлекеттік кірістер басқармасы, теміржол вокзалы ғимараттары.

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімінің аппараты, Жаңақорған кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттары.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША:
Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері, «Жаңа базар» ғимараттары.
Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2018 г. 942 0