« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«KazSat-2» спутнигін алмастыратын жаңа жер серігіне қатысты жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ вице-президенті Бауыржан Құдабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әрбір ғарыштық аппараттың белсенді қызмет ету мерзімі болады. Алдағы уақытта «KazSat-2» спутнигін жаңасына алмастыру қажеттілігі туындайды. Осы орайда жаңа апаратқа қатысты инвестициялық ұсыныс дайындалды және оны ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тапсырдық», - деді Бауыржан Құдабаев «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында Сенат депутаттарының қатысуымен өткен кеңесте.
Оның сөзіне қарағанда, жақын арада жер серіктерін жұптап ұшыруға қатысты мәселені шешу керек болады. Себебі аппараттарды ғарышқа жұптап жіберу тек ресейлік жүйелер үшін ұсынылады екен. Жұптап ұшырудың арқасында аталған жобаны жүзеге асыру барысында елімізде қаржыны үнемдеуге мүмкіндік болады. Яғни, шамамен 25 млн долларға дейін қаржы үнемделеді.
«Тағы бір мәселе жердегі кешендерді пайдалануға қатысты. «KazSat-2», «KazSat-3» жобалары бойынша интегратор ретінде ресейлік компаниялар қатысқан. Сәйкесінше, жердегі жүйелер олардың талаптарына орай жобаланған, енді бізге бұл мәселені шешу керек. Егер де жобаны басқа шетелдік компаниямен жүзеге асырса, онда бізде бар жабдықтарды шетел техникасына қайта ыңғайлау қажет болады. Бұл өз кезегінде қосымша қаржыны талап етеді», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «KazSat-2» жер серігінің жұмыс уақыты 2023 жылға дейін негізделген, яғни ол 12,5 жыл қызмет етуі тиіс (2011 жылы ғарышқа шығарылды). Сондықтан жаңа ғарыш («KazSat-2R») аппаратын дайындау жобасын іске асыру шаралары басталды.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, «KazSat-2R» спутнигін құрастыру шаралары 2020 жылы басталады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |