Сырдарияның сол жағалауынан жаңа аудан пайдалануға беріледі

Биыл Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтілмек. Айтулы датаға орай, қазіргі таңда мерекелік шаралардың бағдарламасы әзірленіп, қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Шаһар тұрғындары үшін басты тосынсый - Сырдария өзенінің сол жағалауынан жаңа аудан пайдалануға берілетіндігі.

Бүгінгі күні Сырдария өзенінің сол жағалауындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мерейлі мереке қарсаңында мұнда 5 қабатты 18 тұрғын үй қызылордалықтарға табысталатын болады. Сондай-ақ, «Қазақ Орталық Атқару комитеті» мұражайының ғимараты да бой көтеріп, халықтың рухани тұрғыда жаңғыруына септігін тигізеді. Кішкентай бүлдіршіндерге арналған 320 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары да күзге дейін аяқталмақ. Жаңа ауданда жастар орталығы мен «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы да орналасады. Құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін мамандар қатаң бақылауға алған.

«Аталған нысандардың құрылысы өткен жылы басталған болатын. Шаһар мерекесінде толықтай аяқталады. Құрылыс алаңында жұмыс бір күнге де тоқтап жатқан жоқ. Құрылысшыларға зор жауапкершілік жүктеп отырмыз. Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен 320 орындық балабақша мен 60 орындық мектептің құрылысын бастауды көздеп отырмыз. Сондай-ақ мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында 500 келушіге арналған емхана салу жоспарда бар», - деп мәлімдеді Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2018 г. 670 0