Элизабет Тұрсынбаеваны қолдау шарасы өтеді

3 ақпанда сағат 12.30-да Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" СК-да Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Элизабет Тұрсынбаеваны қолдау шарасы өтеді.
Шара барысында облысымыздың шайбалы хоккейшілері, шорт-трекшілер және мәнерлеп сырғанаушылар көрсетілім қояды.
Жалпы, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Пхенчхан қ. (Оңтүстік Корея) өтеді. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын додаға 80 елден 5000-ға жуық спортшылар мен ресми тұлғалар қатысады деп жоспарлануда. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның спорттық делегациясы 9 спорт түрінен сынға түседі. Оның ішінде Сыр елінен мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қатысады. Ол 21 және 23 ақпан күндері сағат 10.00-14.10 аралығында өнер көрсетеді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2018 г. 765 0