« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
30 қаңтар күні «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 24-отырысы өтті.
Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің Төрағасы, «Каzenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі Данияр Абылғазин, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, «Каzenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов, сондай-ақ, мұнай-газ саласының, бизнестің өкілдері қатысты.
«2017 жыл мұнай-газ өнеркәсібі үшін жемісті болып, екі маңызды заң қабылданды. Алайда алда әлі шешілмеген міндеттер бар», – деп сөзін сабақтаған Данияр Абылғазин жиынды ашық деп жариялады.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Қатысушылар «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауовтың есебін тыңдап, 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
2017 жыл ішінде Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 3 жеке отырысы өтті, онда жер қойнауын пайдалану, салықтық реттеу, сатып алулар мен жергілікті қамту, мұнай өнімдері нарығына қатысты 16 мәселе қаралды.
2017 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексте саланың 65% ескертпелері мен ұсыныстары қолдау тапты. Салық кодексінде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесі бойынша коммерциялық табу бонусы алынып тасталған, барлау жұмыстары сәтсіз болса да, өңдіру кезеңінде геологиялық барлауға арналған шығындарды шегерімдерге бөлуге рұқсат етілген, ҚР құрылықтық қайраңында ультра терең кен орындарын жер қойнауын пайдалануға балама салық қолдану құқығы енгізілген, егер мұнайдың әлемдік бағасы өзіндік құнынан төмен болса, мұнайды экспортқа өткізуден түскен табыс, шикі газды ішкі нарыққа сатудан түсетін табыс секілді, нақты сату бағасы негізінде анықталады.
Айта кетелік, 2018 жылдың басынан Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Заң талаптарына сәйкес мұнай өмідерін өндіру және сату есеп-бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылып, алынған деректер ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілуі керек болған. Бұл талаптар жылдың басынан бастап жанармайдың отандық нарықта тапшылығын тудырар еді. Алайда бұл жағдайды алдын алуға мүмкіндік туды, бұл талаптар мұнай өндіретін зауыттар мен шағын зауыттарға 2017 жылдың 1 қаңтарынан, ал мұнай базаларына 2018 жылдың 1 қаңтарынан міндеттелді. Заңға соңғы енгізілген өзгерістер нәтижесінде мұнай базаларына есептеу бақылау құралдарын қондыру міндеті талаптан алынып тасталды, ал жанармай құю бекеттеріне мерзімдер кейінге қалдырылды http://atameken.kz/ru/news/28577-pochemu-sistema-kpu-ne-podtverdila-svoyu-neobhodimost
«Нәтижесінде 2017 жылы Комитет 8 мәселені қарады, олардың кейбірі 2018 жылда атқаратын жұмыс жоспарына енгізіледі», – деді Әсет Мағауов.
«КАZENERGY» Бас директоры сондай-ақ экология саласы бойынша атқарылған жұмыс есебін берді.
«Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында биыл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы принципіне негізделген экономикалық заңнаманы реформалау басты назарда болмақ. Атап айтқанда, экологиялық төлемдер мен айыппұлдарды реттеу және рұқсат беру жүйесін реформалауды, қоршаған ортаны ластаудан зиянды өлшеу тәсілін өзгертіп, сондай-ақ, жылыжай эфектісін тудыратын газдарды реттеуді жоспарлап отырмыз», – деді Әсет Мағауов.
Бақылау-алдын алу корпоративтік-экологиялық мәселелер жөніндегі департаментінің бастығы Руслан Мұқанғалиев Әсет Мағауовты қолдады және полигондарда азы-түлік қалдықтарын сақтауға тыйым салу туралы мәселені шешу керек екенін айтты, себебі бұл кәсіпорындар қызметіндегі тұрақты процеске кедергі келтіреді.
Комитет қатысушылар жасаған есептер назарға алынып, жиында Комитеттің 2018 жылы атқаратын жұмыс жоспары бекітілді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |