« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен жылы Қазалы ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 млрд. 800 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға артық.
Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші5 жылдығында 17 жоба толық іске қосылса, биылосы бағдарлама аясында «РЗА» АҚ-ның ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II ші кезеңі аспақ. 2,5 млрд. теңге құрайтын жобаны іске асыру арқылы мал басы 1200 басқа ұлғаяды деп күтілуде.
Кәсіпкерлерге субсидия беру, арнайы грант арқылы қаржыландыру жалғасын тапты. Жыл көлемінде 12 жобасубсидияланып,5 кәсіпкерге 6 млн. теңге қайтарымсыз негізде грант берілді.
Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде 100жоба қаржыландырылды.
Нәтижесінде, жыл көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігі артты. Кәсіпкерлер қатарына жаңадан 620 адам қосылды. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінде 9 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында ашылған «Өндірістік аймақта» жалпы құны 172 млн. теңгені құрайтын жаңа8 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге оның 4-і іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС-не Әйтеке би кентінен 2,5 гектар жер учаскесі беріліп, қалааралық автовокзал құрылысы салынды. Қазір инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл іске қосылады.
Бұдан басқа, ауданнан құс фермасын ашуғаинвестормен келісім жасалып, жері белгіленді.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жолы бойында 5 сервистік қызмет көрсету нысандарын салу қолға алынды. «Мирас» және «Арзан сити» кешендері пайдалануға беріліп, қалған 3 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
Алдағы уақытта осы жолдың бойынан жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін жыл бойы сатуы үшін арнайы 5 гектар жер бөліп, көтерме сауда қатарын салудың жолдары қарастырылуда.
Осындай жобалардың нәтижесінде салада өндірілген өнім көлемі өткен жылы 103 пайызғажетті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |