Қызылорда облысында көл табандары тазартылды

Жоба аясында Қармақшы ауданындағы «Қаракөл», «Тас-көл», «Қоңыраулы-Көлдей» көлдеріне құятын су арналары сүзіліп, сағасына тоспалар салынды.
Сонымен қатар Қуан-дария өзегінің Қарақ учаскесі тұсына да 2 жерден 5 көзді тоспа қойылған. Нәтижесінде 30 шақты көл мен 4 жарым мың гектар шабындық пен жайылымға су жетті. Мал азығы қорын ұлғайтумен қатар, балық шаруашылығын дамытуға негізделген экологиялық жобаға 281 млн теңге қаржы жұмсалды.
Сұлтан Мақашов, Қармақшы ауданының әкімі:
– Қараөзек арнасына да өткен жылы тоспа салу жұмыстарын атқардық. Негізінен ол жерде 25-тің үстінде шаруа қожалығы бар. Қараөзек арнасынан келіп, қайтадан Сырдарияға құяды. Сол жерге тоспа салу нәтижесінде артық судың бәрін көлдер жүйесіне бұрып, артық су көлдер жүйесіне тасталғаннан кейін айналып келіп, Қараөзекке түсетін жүйені қостық.

www.24.kz

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2018 г. 712 0