Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты

Облыстық мекемелер үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Искаков Мұрат Бектұрғанбекұлының қатысуымен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен "Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты" тақырыбында жиын болып өтті.
Жиынға басқарма басшысы А.Қайруллаев және басқарма қызметкерлері, сонымен бірге басқармаға қарасты мекемелер мен БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Жиын барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдаудың 9-бағыты жан-жақты талқыланып, сұрақ-жауап яғни "кері байланыс" әдісі арқылы тартымды түсіндірілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2018 г. 942 0