Ел пікірі ескерусіз қалмайды

Өткен жылы есеп беру жиындарында қандай ұсыныс-тілектер айтылып еді? Олардың орындалуы қалай?
ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ
Есеп беру жиы­нында Қызылорда қаласына және аудандарға қарасты елді мекендерді газдандыру мәселесі қозғалған еді. Аталған мәселе бойынша ат­қарылып жатқан жұмыс­тар барысы мынадай:

2014-2015 жылдары облыстық бюджет есебінен АГРС (автомат­тан­дырылған газ бөлу станциялары), газ жеткізуші құбырын және Сексеуіл кентінде квар­талішілік газ бөлу желілерін  қондырумен бірге «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ-бұру құ­быры құрылысының жобасы әзірленді.
2016-2017 жылдары осы жобаны іске асыру үшін облыс әкімдігімен орталық атқарушы органдарға  бюд­жеттік өтінімдер жолданды.
Жобалардың құны 2,4 млрд теңгені құрайды.
Қызылорда облы­сы­ның әкімдігі мен «Каз­ТрансГазАймақ» АҚ ара­сындағы меморандумға сәйкес, 2015 жылы 1 кезеңде 7 аудан орталығының 4-іне (Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған) және Байқоңыр қаласына газ жүргізілді.
Екінші кезеңде қалған 3 аудан ор­талықтарын газ­дандыру жоспар­ла­нып отыр (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек). Бұл орайда республикалық бюджеттен 11,2 млрд теңге қажеттігі айқын­далды.  
Қызылорда облысын газ­дан­­дырудың үшінші ке­зеңінде қалған елді мекен­дері тұрғындар санына қарай, газ құбырынан алшақ орналасуына және елді мекеннің болашақтағы дамуына байланысты  газ­дан­дырылады.
Жыл аясында Жосалы кентін табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында жүйелі іс атқарылды.
2017 жылы АГРС (авто­маттандырылған газ бөлу станциялары) қондырумен бірге «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ-бұру құбырынан газ-бұру құбыры құрылысын бастау үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңге,  облыстық  бюджеттен 55,6 млн теңге  қаржы бөлінді.
Сонымен бірге, 2018 жылы аталған жобаның құрылысын аяқтау үшін республикалық бюджеттен 892,2 млн теңге, облыстық бюджеттен 99,1 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыс­тары жүргізілуде.
2014 жылы облыстық бюд­жет қаражаты есебінен Төретам кентінде  газ жет­кізуші құбыры және квар­талішілік газ бөлу желі­лері­нің  құрылысы жобасы әзірленді.
2016-2017 жылдары осы жобаларды іске асыру үшін облыс әкімдігімен орталық атқарушы органдарға бюд­жеттік өтінімдер жіберілген.
Жобаның құны 1,15 млрд теңгені құрайды.
Жалағаш кентін газ­дандыру жоба­сының мерзімі аяқталуына байланысты, Те­реңөзектен Жалағашқа дейін жоғары қысымды газ құбыры-бұрмасының жә­не Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырының және кварталішілік желілерінің құрылысы жобасын әзір­леуге және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 2018 жылы облыстық бюджеттен 134,9 млн теңге қаржы бөлінді.
Тереңөзек кентін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін, 2018 жылы АГРС (авто­мат­тандырылған газ бөлу стан­­циялары) қондырумен бірге «Бейнеу-Шымкент» ма­­гистралды газ-бұру құбы­рынан газ-бұру құбыры құ­ры­лысын бастау үшін рес­пуб­ликалық бюджеттен 1091,0 млн теңге қаржы бөлінді.
Қызылорда қаласының Қарауыл­төбе ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша елді мекенді газдандыру үшін жоба-сметалық құжат­тамасын әзірлеуге және мемлекеттік сараптама қоры­тындысын алуға облыстық бюджеттен 24,7 млн теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.
Қызылорда қаласының Қос­шың­ырау, Ақсуат, Қы­зыл­өзек ауылдық округ­­терін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі де есепті кездесуде айтылған еді.
2017 жылы  Қызылорда қаласындағы Ақсуат елді мекені және оған қа­рас­ты Наурыз шағын ау­да­нын газдандыруға  мем­лекеттік сараптамадан өт­кі­­зілген жоба-сметалық құ­­жат­­тамасын әзірлеуге об­­лыстық бюджеттен 10,3 млн теңге қаржы бөлінді.  Қалған елді мекендерді газдандыру мәселесі кезең кезеңімен облыстық бюджет қаржысының мүмкіндігіне қарай қаралатын болады.

 Ж.ӘЛМАХАН.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2018 г. 495 0