« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен жұмада облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосовтың төрағалығымен қоғамдық кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Онда үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі бағыттары мен басымдықтары аясында атқарылатын жұмыстар жайлы болды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, кеңес мүшесі А.Қайруллаев хабарлама жасады. Басқарма басшысы Жолдаудан туындайтын басты міндеттер мен еліміздің тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде жеткен жетістіктерін саралап, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өңірде қолға алынатын «ақылды басқару» пилоттық жобасын сөз етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта Сырдарияның сол жағалауында «ақылды қаланың» іргетасының қаланатындығын жеткізді.
Екінші мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т. Дүйсебаев сөз алып, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аймақта жүзеге асырылу барысын баян етті.
Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы халықты өнімді еңбекпен қамту 114,3 пайызға орындалған. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде 30 мыңнан аса адам бағдарламаға қатысқан. Бағдарламаның бірінші бағыты – еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік даярлауға 1515 адам жолданса, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 3625 адам бекітілген. Оның 3486-сы оқуды аяқтап, бүгінде 759-ы жұмыспен қамтылып отыр. Ал, екінші бағыт – жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 937 адам қатысқан. Бұл оқу курстары Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жүргізілді. Аталған тәжірибе биыл Жалағаш, Сырдария аудандарында жүзеге аспақ. Жоба аясында «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Агрокредиттік корпорация» АҚ арқылы 556 адамға 2 млрд теңге көлемінде шағын несие берілген. Осы жылы 203 адамды несиелендіруге 1,8 млрд теңге бөлінуде. Үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша жұмыспен қамту шараларына 23 мыңнан аса адам тартылып, 14 мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылды.
– Жолдауда халықты сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастырудың маңызы жайлы баса айтылған. Осы ретте, біз бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қалыптастыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасын қабылдадық. Оған қоса, биыл бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу басталды. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат жинақталады. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ, кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзі қалаған жұмысын таба алады, –деді Т.Дүйсебаев.
Жалпы шара соңында облыстық қоғамдық кеңестің салалық комиссиялары төрағаларының есебі тыңдалды. Қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар жолданып, ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |