« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қай кезде де ең қымбат құндылық – білім. Кезекті Жолдауда да Елбасы осы саланың барлық сатысы бойынша нақты міндеттерді айқындап берді. Экономиканы жаңа заманға сай дамыту, инновациялық технологияларды жетілдіру үшін білім мен технологияны қатар ілгерілету маңызды.
«Адами капитал – жаңғыру негізі» деп басымдық беру арқылы Мемлекет басшысы кез келген саланың қозғаушы күші – адам және оның білімі екенін атап көрсетті. Білім беру бағдарламасы өзгерістер мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға бейім болуы тиіс. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды. Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капитал тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру жүйесі қолданысқа енгізіледі.
Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Бұл – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Тіл – адам баласының басты қазынасы десек, ол әрбір ұлттың ғылымы мен әдебиетінің, өнеркәсібінің, мәдениетінің қай дәрежеде екеніне дәлел бола алады. Ал қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату латын әліпбиіне көшу мәселесін реттеуге мүмкіндік берді. Елбасы 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасауды жүктеді.
Әр саладағы адами капиталды өсіру әлеуетті арттыру идеясымен тығыз байланысты. Әлеуметтің әлеуетін арттыруды үш маңызды капитал негізінде – зияткерлік капитал, әлеуметтік капитал, ұйымдастырушылық капитал ретінде қарастыруға болады. Білім, дағды, құндылықтар, сенім, құрмет, ынтымақтастық – адами капиталдың басты құндылығы.
«Кез келген ел өз келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» деп Президент атап көрсеткендей, Жолдауда қойылған мақсат-міндеттерді елдің жарқын болашағын қалыптастыру бағытындағы жарқын істердің бастауы деп білеміз.
Айгүл МҰСАБАЕВА,
М.Шоқай атындағы
№187 қазақ орта мектебінің
директоры.
Қызылорда қаласы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |