ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ КӨПТІҢ КӨМЕГІ ҚАЖЕТ

Өткен жылы облыста жемқорлық сипатындағы қылмыс 16,6 пайызға азайды. 72 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, келтірілген залал 658 991,75 мың теңгені құраған. Өндірілгені – 625 574,4 мың теңге. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов хабарлады. Сонымен қатар, Абзал Сансызбайұлы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауы аясындағы жұмыстарды саралады.

– Жолдаудың тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күрес, заңның үстемдігі жайлы айтылған. Осыған байланысты өңірде бірқатар шаралар қолға алынды. Мемлекеттік органдарда, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктерде ауқымды акциялар ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті мектеп қабырғасындағы оқушылар белсенді қалыптастыруда. Жуырда «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылды. Сондай-ақ, «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында мобильді топ барлығы 27543 адамды қамтыған 325 кездесу мен 116 қоғамдық қабылдау өткізді. Коммуналдық қызметтердің ақы төлеу түбіртегіне тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы 784398 флаерлер таратылып, қоғамдық көліктер мен халық көп шоғырланған орындарда 332478 дана жемқорлыққа қарсы парақша таратылған, – деді А.Мұхимов.

Спикердің айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстары көп  кездесетін салалар анықталып, қоғамға қатер төндіретін кеселдің алдын-алу бағытында жұмыс жасалуда.

М.СНАДИНҚЫЗЫ,

Н.НҰРЖАУБАЙ (сурет).  

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2018 г. 790 0