ЖОЛДАУҒА СӘЙКЕС ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ДАЙЫНДАЛУЫ ТИІС

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде  ҚАЖ Комитеті төрағасының бірінші  орынбасары әділет полковнигі  Төремуратов Бекболат Темірболатұлының қатысуымен облыстық ҚАЖ қызметінің 2017 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша жедел-қызметтік кеңес өткізілді.
Жедел кеңес жұмысына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме басшылары, РГП «Еңбек-Кызылорда» филиалының директоры Е.Төребеков, Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Ұзақов Фараби Ұзақұлы, қалалық және аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтарымен департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жедел кеңесте 2 сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ бойынша Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауының 10 бағыты бойынша  баяндаманы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі  Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы жасады. 
Екінші сұрақ бойынша Ғанибек Сырмағанбетұлы өз баяндамасында  2017 жылдағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және  пробация қызметінің жұмысына кеңінен тоқталды.  Сонымен қатар мекемеде жазасын өтеушілердің еңбегін ұйымдастыру, сотталғандарды пайдалы жұмыспен, ақылы еңбекпен қамту мәселелерін күнделікті назарда ұстап, дәстүрлі жал-ғастырып келетін де атап өтті. Сонымен бірге Елбасының «100 нақты  қадам » - ұлт жоспарының 33 қадамын орындау барысында Қызылорда облыстық әкімшілігі, облыстық прокуратура,  облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі арасындағы меморанудм аясында бас бостандығынан айыру рындарынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға бағыттау, әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету үшін «бір терезе қағидасы» Пробация үйі ашылып,  әлеуметтік көмектер көрсетіліп жатқандығын баяндап өтті.
ҚАЖД және қарасты мекемелерде 2017 жылға жоспарланған  міндеттер өз деңгейінде орындалғанын, алдағы уақытта  аталған жұмыстар өз жалғасын табатынын айтып өтті.
ҚАЖ Комитеті төрағасының бірінші  орынбасары әділет полковнигі  Төремуратов Бекболат Темірболатұлы өткен жылы ҚАЖ мекемелерде  ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін атап өтіп,  мекеме басшыларына, барлық қызметтеріне   Елбасының Жолдауындағы шешуге тиіс міндеттердің үш бағыты бойынша, Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы бағытында  Орталықтандырылған ақпарат деректер қоры, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі  бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды,  Адами капитал – жаңғыру негізі жетінші бағыты бойынша жеке құрам қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін, біліктіліктерін  арттыруға, білімін жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді. Жолдаудың Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін іске асыру  бағыты бойынша атқарылатын жұмыстарға жұмыс жоспарын дайындау жөнінде  тапсырма берді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қаңтар 2018 г. 976 0