« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Украинаның Одесса қаласында киокушинкай каратэден жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде еліміздің құрамасы 12 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлделерді иеленді.
21 мемлекеттен қатысқан айтулы сында Сыр бойынан барған Айбек Шаукилов жастар арасында бақ сынасып, 55 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдені иеленді.
Ол жарыс барысында төрт кездесу өткізді. Үш кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Финалда Украина спортшысын 4:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанды.
А.Шаукилов 2001 жылы 7 қыркүйекте Қызылорда қаасында дүниеге келген. 2009 жылдан бері киокушинкай каратэмен шұғылданыпкеледі.Ол осы күнге дейін бірнеше жарыста топ жарған еді. Жерлесіміз 2015, 2017 жылдары жасөспірімдер және жастар арасында ҚР чемпионатының екі мәрте күміс жүлдесін иеленсе, 2016 жылы ҚР кубогының иегері болды. 2016, 2017 жылдары «Kazakhstan Open»халықаралық турнирдің жеңімпазы және жүлдегері атанды. Ол № 2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Оны жарысқа бапкері Бауыржан Мүханов дайындады. Қазіргі таңда спортшы №101 орта мектептің 11 сыныбында оқиды.
Оның алдағы жоспары үстіміздегі жылдың маусым айында Астана қаласында жастар арасындаөтетін Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көріну.
Киокушинкай каратэ спорты облыста2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Спортшылар №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттығады.Осы уақытқа дейін өңірден алғашқы Әлем чемпионы шықты. Жалпы, өңірде киокушинкай каратэмен 300-ге жуық спортшы айналысады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |