« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Шиелі ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда.
Бұл туралы аудан әкімінің есепті кездесуінде айтылды. Біріншісі, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд теңгені құрайтын жылына 1 млн тонна тампонажды цемент шығару зауыты. Зауыт іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Екіншісі, «Фирма Балауса» ЖШС-ның «Бала Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. Кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес 2018 жылға 4,5 млрд теңгеге қаржыландыру, қосымша 50 адамға жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Үшіншісі, 2017 жылы өңірлік картаға енгізілген «Тан ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасы. Оның қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна құрама жем шығару. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады.
А.БЕК.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |