Облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған Қызылорда облысының делегациясы жұмыс сапармен Қытай Халық Республикасына келді.
Сапар аясында делегация мүшелері Бейжің және Шэньчжэнь, Шанxай қалаларында болып, бірқатар ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.
Бүгін Бейжің қаласында көмір, су электрстанцияларын салу және т.б. салаларда мол тәжірибесі бар CNEEC (Қытай ұлттық электр инжиниринг корпорациясы) компаниясының басшылығымен кездесті. Басқосуда Қызылорда облысында су және күн электр стансаларын салу жобалары талқыланды.