ПРЕЗИДЕНТ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ИЕГЕРЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының 2017 жыл бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларын тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл стипендиялар жыл сайын Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттарын иеленген шығармашылық және мәдениет адамдарын, сонымен қатар аса дарынды шығармашыл жастарды еліміздің мәдениетін қалыптастыру, сақтау және дамытуға қосқаны үлесі үшін мемлекеттік қолдау мақсатында беріледі.

Биыл мемлекеттік стипендияны әдебиет пен өнердің 75 қайраткері иеленді. Олардың арасында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова сияқты мэтрлер бар.

Мемлекеттік көмек Медет Шотабаев, Ирина Тен, Жамбыл Дүйсенов, Әділ Ахметов сынды жастар мен тағы басқаларына берілді. Іс-шараның ашылуы кезінде Гүлшара Әбдіқалықова келген қонақтарды құттықтап, бұл стипендияның оларға Қазақстанның мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін берілгенін айтып өтті.

Мемлекеттік хатшы жиналған қауымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі сөздеріне құлақ асуға шақырды: «Ұлттың әлеуетін жақсарту үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды әрі қарай өркендете түсуіміз керек. «Рухани жаңғырудың» да маңызы осыда. Түптің-түбінде Қазақстанның әр азаматы өзінің тілі мен мәдениетін, елінің тарихын терең білумен қатар, шет тілдерін меңгеріп, жоғары деңгейде ойлау қабілетіне ие болуы тиіс».

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова осы жылдың ең басты оқиғасы - Тәуелсіз Қазақстанның символы мен оның басты жетістіктеріне айналған Астананың 20-жылдық мерейтойы екенін атап өтті.

Астана – бұл барлық қазақ елінің қажырлы еңбегі мен Президент идеяларының жүзеге асуы. Мемлекет хатшысы Қазақстанның шығармашылық интеллигенция өкілдері ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуын іске асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2018 г. 529 0