ШИЕЛІДЕ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шиелі кентінде 150 орындық аудандық аурухананың іргетасы қаланды. Аталған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, аудан халқының қуанышына ортақтасты.

Сексен мыңнан астам халық тұратын Шиелі Қызылорда облысындағы іргелі ауданның бірі саналады. Мұнда ауылшаруашылығымен қатар өндіріс қатар дамуда. Кәсіпкерлік көкжиегі де кеңінен қанат жайып келеді.

Аурахананың іргетасын қалау рәсіміне қатысқан денсаулық саласының ардагері Ыбырай Ахметов осындай игі істі ұйытқы болған басшыларға елдің атынан алғыс білдірсе, ауданның Құрметті азаматы Киікбай Смайылұлы батасын берді.


А.БЕК.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2018 г. 718 0