«С» САНАТЫНДАҒЫ ҮШІНШІ КЕШЕН

Арал ауданының «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы Сапақ елді мекенінде «С» санатты сервистік қызмет көрсету кешені ашылды. Жеке кәсіпкер Гүлзия Елешованың «444» сервистік кешені – ауданда осы бағытта ашылған үшінші нысан.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ашылған нысан жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан соң Арал ауданының құрметті азаматы, дербес зейнеткер Шәкірат Дәрмағамбетов ақсақал Елешовтердің отбасылық кәсібіне батасын берді.

Құны 60 млн теңгені құрайтын жобаны іске асыру мақсатында 2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 10 млн теңге несие алған. Кешенде 50 адамға арналған қоғамдық тамақтану орны, азық-түлік дүкені, қонақүй, жүк және жеңіл автокөліктерге арналған автокөлік тұрағы бар. Қазір мұнда 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қосымша маусымдық кезеңдерде 25 адамға дейін жұмыс орындары ашылмақ.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Арал ауданы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2018 г. 438 0