Жолаушылар пойызының жылдамдығына шектеу қойылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қатты аязға байланысты және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар пойызының жылдамдығына шектеу қою туралы шешім қабылданғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Жолаушылардан бізге байланысты емес жайттарға орай пойыздардың кешеуілдеуіне шыдамдылық пен түсіністік танытуларын сұраймыз. Жолаушылар вагондарындағы жылу беру жүйесі айрықша бақылауға алынған және қажетті температура режімі сақталуда», - делінген компания таратқан ақпаратында. Айта кетерлігі, бұл күндері ұлттық тасымалдаушының барлық құрылымдық бөлімшелері ерекше жұмыс режіміне көшірілген болатын.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2018 г. 544 0