«Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері Елбасы Жолдауын толық қуаттайды

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың  төрағалығымен өткен кеңес отырысының күн тәртібінде Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер талқылады.

Жиынға кеңес мүшелерімен біргемемлекеттік  және  ҮЕҰ өкілдері, тіл мамандары, тарихшылар мен белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңестің отырысын ашып, жиынды жүргізген аймақтық  «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев:Елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгіленген маңызды құжатты әрбір қазақстандықтың санасына сіңіру, партиялықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі екендігін айтты. Сондай-ақ кеңес төрағасы күнделікті өмір­дің ең көкейкесті деген сала­ла­ры­на назар аудартып отырған Жолдаудың алғы шарттарын да тілге тиек етті.

-Қазақстандық индустрия жаңа технология­ны енгізудің бас­таушысы болуы тиіс. Бізге бұған өндірістік пр­о­цес­терді цифрландыру және за­ма­науи бизнес-модельдерді иге­ру арқылы еңбек өнімділігін арт­тыру есебінен қол жеткізуге болады. Банк жүйесін сауықтыру, агроөнер­кәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфра­құры­лым­ды дамыту есебінен қаржы сек­торының жұмысын көбейтуге бай­ланысты мәсе­лелер де күн тәр­тібінде тұр. Заң үстемдігін нығайту және сы­байлас жемқорлықпен күрес­ке қатысты жайларға да ерек­ше назар аударылады. Осыған байла­нысты Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда олар­дың тұрғындармен және бизнес­пен өзара әрекетін, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйе­лері­­нің институционалдық қай­та құ­ры­лымын қамти отырып, процес­терді цифрландыру­ды талап етіп отыр,- деп атап өтті.

Отырыста кеңес мүшелері Елбасы Жолдауының 7 бөлімінде көрсетілген адами капиталды дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Мәселен, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры  Бақытжан Сайлыбаевбарлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды же­тілдіру, жаңа білімді мең­геру мәселелеріне қатысты ой пікірін айтып, білім саласындағы жаңа бастамаларды жеткізді.

Кеңес мүшелері ой пікірлер мен талқылаулардан соң бірауыздан Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға қолдау білдірсе,аймақтық кеңес төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев кеңес мүшелерінің атқаратын игілікті істеріне сәттілік тіледі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2018 г. 513 0