« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Арал ауданында жұртшылықтың назарын өзіне ерекше аударған жиын өтті. Қаладағы З.Шүкіров атындағы мәдениет үйі ғимаратында біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қызылорда облыстық филиалы мамандарының қатысуымен өткен жүздесуді Арал ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов ашып, жүргізіп отырды.
Зейнетақы жүйесіндегі ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен салымшының жаңа мүмкіндіктері, хабарлаудың электорндық тәсілін дамыту мәселелері талқыланған жиында Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қызылорда облыстық филиалы мамандары Гүлжахан Кемалова мен Гүлдана Тұяқбаева сөз алып, арнайы әзірленген бейнероликтер арқылы түсініктеме беріп өтті.
Өзінің хабарламасында Гүлдана Тұяқбаева жинақтаушы зейнетақы жүйесінде зейнетақы жарналарының міндетті, міндетті кәсіптік, ерікті зейнетақы жарналарына тоқталып, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алу тәсілдерін таныстырды. Айта кетерлігі, салымшылардың өз жинақтарын үйден шықпай-ақ ұялы қосымша арқылы бақылауға және қор туралы ақпарат алуға толықтай мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнан соң облыстан келген мамандар жинақталған қордағы ақшаны алу жолының шарттары мен әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасындағы өзгерістері жөнінде мәлімет берді. Жиын соңында Қызылорда облыстық әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Гүлсім Денеева мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жайында қосымша ақпарат беріп өтті.
Аталмыш жүздесуге аудандық дербес бөлім, ауылдық округ әкімдігінің мамандары мен есепшілері, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысып, құнды мағлұматқа қанықты.
Жұмабек Табынбаев,
Арал ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |