Мәнерлеп сырғанаушылар халықаралық жарыста 3 медаль иеленді

Алматы қаласында жасөспірімдер арасында  мәнерлеп сырғанаудан өткен «Ice Tiger» халықаралық турнирде облыс командасы табысты өнер көрсетті. Сегіз елден 350 мәнерлеп сырғанаушылар қатысқан дүбірлі жарыста жерлестеріміз  жүлделермен оралды.

1 жасөспірімдік разряд бойынша еркін бағдарламада ұлдар арасында  өнер көрсеткен Манас Бекташов халықаралық турнир жеңімпазы атанды. 2 жасөспірімдік разряд бойынша қыздар арасында еркін бағдарламада           16 спортшының арасынан Жансая Есен күміс жүлдені иеленді.3 жасөспірімдік разряд бойынша еркін бағдарламада 24 қатысушының арасынанАмина Сұлтан қола жүлдеге ие болды.

 Темірлан Якияев, Ариана Дигай,– төртінші, Мелисса Пак, Диана Жармұхамедова – бесінші, Нариман Молдабек,Алина Жанділдаева – алтыншы орындарды еншілеп, шеберліктерін шыңдап келді.

Жаттықтырушысы Лариса Давыдованың айтуынша, облыс команда құрамында бірінші мәрте өнер көрсеткен 5-7 жастағы жасөспірім спортшылар да болды. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2018 г. 461 0