« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облыстық соты Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылады. Іс-шараға облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялар және соттар әкімшісі басшысы мен сот мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Сот төрағасы Қамбар Нұрышев өз сөзінде «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа ағымдағы жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауын арнады. Биылғы жолдауда жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу үшін қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындалу барысы пысықталды. Айта кету керек, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Ал, сотқа тиісті 11 қадам бүгінгі күні толықтай іске асты», - деді.
Облыстық сот төрағасы Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында жаңа әлемде бейімделу мен жетістікке жету үшін нақты 10 міндетті тапсырма бергенін атап өтті.
Жиын барысында баяндамашы Қызылорда қалалық сотының судьясы Меруерт Тоғызбаева төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму міндеттеріне толығырақ тоқталды. Судья М.Тоғызбаева өз сөзінде индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістілігі, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін міндеттерін тарқатып айтып берді.
Судьялар жолдаудың тоғызыншы міндеті жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы бірқатар ойларымен бөлісіп, биыл қаңтар айынан бастап Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген бірқатар жаңашылдықтармен Қызылорда облысы соттарында қаралған сот істеріне шолу жасады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |