« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2018 жылдың көктемінде Қазақстан аумағында үш жол ақылы болады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде тек Астана мен Бурабай аралығындағы жол ақылы. Алдағы екі-үш айдың ішінде 3 жолға ақылы тәртіпті енгізбекпіз. Бұл тұрғыда «Астана-Теміртау», «Алматы -Қапшағай», «Алматы- Қорғас» жолдары қамтылады», - деп нақтылады министр.
Бұдан бөлек, Жеңіс Қасымбек 2021 жылға дейін Қазақстан аумағында 7 мың шақырымнан астам республикалық маңыздағы автожолдар ақылы болатынын жеткізді.
Жалпы отырыс барысында ведомство басшысы 2020 жылға қарай транзиттен түсетін қаражат бес миллиард долларға дейін артатынын мәлім етті.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес, біз 2020 жылға қарай транзиттен түсетін қаражатты бес миллиард долларға дейін ұлғайтуымыз керек. Бүгінде ол сома 1,5 миллиарды құрады. Соңғы 2-3 жылдың ішінде Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы баратын транзит жыл сайын екі есеге өсіп жатыр. 2020 жылға дейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Ж. Қасымбек.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |