« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында бүгінгі заман талабына сай білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, бәсекеге қабілетті маман даярлау мәселесіне барынша мән берілген. Бұл бағытта әзірленген бағдарламалар аймақ көлемінде қарқынды іске асырылуда.
Соның бір көрінісі, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжінде осыған дейін тек орта кәсіптік мамандар даярланып келген болса, қазіргі таңда жұмысшы мамандар даярлау, қолданбалы бакалавриат оқу бағдарламасын енгізу арқылы интеграцияланған білім беру бағдарламасын әзірлеп, 3 деңгейлі білім беру жүйесінде маман даярлау бағытында қажетті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, Елбасының бұл мақаласында ХХІ ғасыр талабына сәйкес ұлттық сананың ашықтығын қалыптастырып, әлемдік ақпарат жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сол арқылы жаңа технологияны меңгерудің маңыздылығы атап көрсетілген.
Жоғарыда аталған колледж студенттерімен кездесуде «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі, педагогика саласының білікті маманы Әлима Әбдіхалықова сөз сөйлеп, қазіргі қоғам сұранысына сай ұлттық рухта тәрбиеленген, жан-жақты білімді, мықты тұлғаны қалыптастыру бағытында алда тұрған міндеттерді атап өтті. Осынау мақаладан бастау алған «Саналы азамат», «Туған жер», «Отаным – тағдырым» деп аталатын кіші бағдарламалардың түпкі мәнісіне терең талдау жасап, түсіндірді. Сөзін түйіндей келе, Әлима Жақыпқызы Кеңес Одағының Батыры, қайсар рухты қазақ қызы Мәншүк Мәметованың өмірінен естелік айтып, оның бойындағы отты сезім, отаншыл рухты бүгінгі жастарға үлгі тұтты.
Ал аталған колледждің тарих пәнінің оқытушысы Төлеш Жаңабатыр руханият саласын дамытудағы басым бағыт – жас ұрпақтың жаһан жаңалықтарынан қалыс қалмай, жаңа технологияны жетік меңгеруіне жағдай жасау екендігін атап өтті. Бұл орайда жүзеге асырылып жатқан «Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» бағдарламасының осы кезең талабынан туындап отырған өміршең жоба екеніне тоқталды.
Осынау өркениетті қоғамда табыстың кілті – білімде екені талассыз тұжырым. Жиында айтылған ой-пікірлер осыған саяды.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |