ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында және басқармаға қарасты «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды.
Кіріспе сөз алған басқарма басшысы Т.Т.Дүйсебаев мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген маңызды он міндетке тоқталып, әлеуметтік қорғау жүйесіне берілген тапсырмаларды атап өтті.
Елбасының Жолдауын талқылауға арналған кездесулерҚызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасарлары А.И.Есқараеваның, А.Б.Ибраеваның, Г.А.Қалмақованың қатысуымен басқармаға қарасты «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ, «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ - де өткізілді.








НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2018 г. 469 0