Қазақстанда жаңа әуежайлар салынады

Бүгінде шағын авиация саласында әуе рейстерін орындайтын компания да анықталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, облыстар арасындағы жолаушылар тасымалын арттыру мақсатында кіші авиацияны жан-жақты дамыту жоспарланған. Ол үшін ондаған шағын әуежайлар салынады. "5 әуежайда жолдың үсті қатты болады. Ал 11 әуежайда грунт төселеді. Аталған жобаларға республикалық және жергілікті бюжеттерден қаржы бөлінеді. Әрине, ішкі рейстерге ұшақтар қажет болады. Сол себепті Алматы облыстық әкімдігімен бірлесе отырып, "Жетісу" әуе компаниясы негізінде осы жұмысты бастап кеттік. Лизинг арқылы 20-ға жуық ұшақты сатып алынады", - деді Ж.Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы 25 жылдың ішінде үлкен авиацияны дамыту жұмысына баса назар аударылды. Ендігі кезекте кіші авиацияны күшейту керек. "Мәселен, өткен жылы Үржар, Үшарал сияқты шағын әуежайлар ашылған болатын. Енді, авиацияның осы түрін қолдау үшін біз арнайы субсидияларды беріп отырмыз. Былтыр Астана мен Алматыдан Үржарға субсидия берілді. Осы жолы Астана мен Алматыдан Үшаралға ұшу бойынша субсидияны берейін деп жатырмыз", - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.  
 Айта кетейік, бүгінгі отырыста Жеңіс Маxмұдұлы тағы бір ұлттық компанияның құрылатынын жариялады.  Бұдан бөлек, Ақтөбеде облысындағы қайғылы оқиғадан кейін автобустарға қатысты талаптар күшейтіледі.  


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2018 г. 527 0