Астаналық бапкер қызылордалық хоккейшілерге шеберлік сабағын өткізуде

«Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері, жастар арасында Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері,  астаналық бапкер Вячеслав Борисовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтуде. 

Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда. Биыл екінші мәрте өтіп жатқан  шеберлік сабағына 2008-2009 және 2005 жылдары туылған жасөспірімдер мен жаттықтырушылар қатысуда.

Астаналық бапкер спортшыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлікті арттыру мен ойын сапасын жақсартудың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін үйретуде. Семинар үш  күнге жалғасады.

Былтырғы жылы шайбалы хоккейден облыстың жасөспірімдер командасы Шымкент қаласының ашық турниріне қатысып, қола жүлдені иеленген болатын. Айта кетейік, биыл 4-9 сәуір аралығында Қызылорда қаласында ҚР чемпионатының үшінші айналымы өтеді.

Сыр өңірінде 2013 жылы хоккей бөлімшесі ашылды. Қазіргі таңда жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 70 спортшы шайбалы хоккеймен шұғылданады. 2015 жылы  облыс командасы Өскемен қаласында өткен ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанса, Шымкент қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Шайбалы хоккейден бөлімше ашылғанына аз уақыт өтсе де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген спортшылардың бағындырар биік шыңдары әлі алда де ойлаймыз.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2018 г. 467 0