Үкіметте ел экономикасын жаңғырту жайы қаралды

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дай­ын­дағы дамудың жаңа мүмкін­дік­тері» атты халыққа Жолдауы ая­­сын­­да еліміздің тұрақты эконо­ми­­ка­­­лық өсімін және экономиканы жаң­ғыртуды қамтамасыз ету­ге ба­ғыт­талған мәселелер талқы­ланды. Атап айтқанда, 2016-2020 жылдарға арналған жеке­ше­лен­діру жоспарлары, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ топта­рының кейбір активтерін бәсе­келі ортаға беру тетіктері, ауыл шаруашылығы, инвестиция­лар және даму, қорғаныс және аэро­ға­рыш өнеркәсібі, энергети­ка, қар­жы, мәдениет және спорт, білім және ғылым, денсау­лық сақтау, еңбек және халық­ты әлеу­меттік қорғау салаларын жаң­ғыр­ту жұмысының жүйесін ретке кел­тіру бойынша министрлік­тер­дің тәсілдері қаралды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2018 г. 460 0