Қазақстан және Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2018 г. 454 0