Ақылды су есептегіш құралдары орнатылады

«Ақылды қала» тұжырымдамасының үлкен бір тармағы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағыты. Осыған байланысты облыста бірқатар тың жобалар ұсынылуда. Алдағы уақытта қала аумағындағы мекемелерге сандық жүйеге көшу, «Смарт Сити» концепциясын жетілдіру мақсатында ақылды су есептегіш құралдары орнатылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қызылорда су жүйесі» МКК директорының міндетін атқарушы Тілеуберген Қаныбетов мәлімдеді.
– Қазіргі таңда әлемнің 2 жарым мыңнан астам ірі қалалары «Смарт сити» концепциясын белсенді түрде енгізуде. Ал осы ақылды қалалар концепциясы – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі. Біздің өңір де «ақылды басқару» жүйесі бойынша эксперименттік облыс болып бекітілді. Өз тарапымыздан күнделікті тіршілікте ауыз су мен кәріз жүйесінің қызметтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатындағы жобаларды қарастырып отырмыз. Соның бірі – «ақылды су есептегіш құралдарын» орнату. Осыған орай инвесторлар тартылып жатыр. Жоба іске асса орнатылған су есептегіш құралдарының көрсеткіші автоматты түрде орталықтандырылған базаға түсіп отырады, – деді Т.Қаныбетов.
Спикер биыл СКАДА жүйесін енгізу, ауыз судың берілген көлемі мен қысымын өлшеу құралдарын алуды жүзеге асыру жұмыстары жоспарланғанына да тоқталды. Бүгінде бұл жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
«Сыр бо
йы».
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2018 г. 630 0