« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестік басшылары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен тарихи құжаттың негізгі бағыттарына сипаттама берді.
Тәуелсіз еліміз үшін өткен жыл табысты жыл болды. ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында Дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізген бірінші мемлекет болдық. Ал, 2017 жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болса, 2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз. Бұл жетістіктер Қазақстанның болашаққа деген сенімді қадамдарының жарқын көрінісі ретінде тарих беттерінде алтын әріптермен сақталатын болады.
Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізді әлемдік деңгейде танытып, бірлігі бекем, экономикасы қуатты мемлекетке айналдырған Елбасының еңбегі зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің одан әрі дамуы жолындағы Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын айқындап отыр. Біздердің ендігі мақсатымыз Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді халыққа саналы етіп жеткізу мен сапалы орындау, деді И.Құттықожаев.
Кеңес отырысында Елбасы Жолдауын ақпараттық насихаттау бойынша аймақта атқарылатын жұмыстар туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев хабарлады және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Жаратылыстану» факультеті деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Ал, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиал төрағасы Серікбай Өмірзақов, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» облыстық филиалының бірінші хатшысы Талғат Телеубаев, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы төрайымы Ақтолқын Сунгур өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пікірі тыңдалды. Жиын соңында аймақтық коалиция өкілдері Үндеу қабылдады.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |