ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

«Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді»

Н.Назарбаев.

Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, Жаңа технологиялық қалып бізді түбегейлі өзгертуде. Атап айтқанда, бүгінгі қоғамда азаматтардың өз құқықтарын қалай іске асыратынын, сонымен бірге, болашақтың егесі  балаларды қай бағытта, қалай тәрбиелеу қажеттігін айқындап берді десек болады. Яғни, өмір ағымына сай талғам да, талап та өзгеруі тиіс.

Ел болашағына бағытталған басты құжатта 10 басымдық атап көрсетілген. Оның ішінде, «Адами капитал  жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші бағытында білім беру ісін жаңа сапаға көтеріп, бүгінгі қоғамның талаптарына сай жан-жақты, білікті мамандар тәрбиелеу қажеттігіне ерекше мән берілген. Бұл орайда цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кеңжолақты Интернетке қосу және мектептерді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылған.

Сондай-ақ, Жолдауда халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын  жаңарту мәселесі көтеріліп отыр. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын одан әрі жүзеге асырудың тиімділігіне назар аударылған. Осы мақсатта білікті оқытушылардың сабақтары мен лекцияларын интернетке орналастырып, қызығушылардың қажетті  ақпарат алуына қолжетімді жағдай жасау міндеті қойылды.

Бір сөзбен айтқанда, біздің күшіміз  бірлікте! Елбасы Жолдауына қолдау көрсетіп, басты міндеттердің орындалуына барынша үлес қосуымыз керек.

Бауыржан ЕРМҰХАН,

И.Әбдікәрімов атындағы жоғары 

аграрлық-техникалық колледжі 

директорының орынбасары.   

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 518 0