« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыс жастарының актив отырысы ұйымдастырылды.
Актив отырысында Қызылорда облысының құрметті азаматы, еліміздің үздік педагогы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегер Әлима Жақыпқызы «Білім беру мекемелеріндегі, оның ішінде қала мектептеріндегі жанбасына қатысты қаржыландыру жүйесі» туралы баяндама жасаса, «Үштілділік саясаты және латын қарпіне көшудің маңыздылықтары» тақырыбында «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уалихан Ибраев сөз сөйледі.
Облыс жастарының актив отырысына жастар ұйымдарының жетекшілері, оқу орындары мен кәсіпорындарындағы жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, қала және аудандық жастар ресурстық орталықтарының директорлары, ҚХА жанындағы облыстық жастар қанатының мүшелері және белсенді жастар қатысты.
Сондай-ақ, актив отырысында "4D модельдеу арқылы қазақ тариxын, салт-дәстүрін, мәдениетін насиxаттайтын мультфильм түсіргім келеді"-деді "Мұрагер" мектебініңоқушысы Евгений.
"Абзал және К" ТС директоры Мағжан Ералиев серіктестік тарапынан жас мамандарға көрсетіліп жатқан қолдаулар турасында айтып өтті.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |