"The Merkle" басылымы "Қазақстан Президенті G-Global деп аталатын жаһандық криптовалютаны ұсынып отыр" деген атаумен мақала жариялады. Назарларыңызға осы мақаланың толық нұсқасын ұсынып отырмыз.
Қазақстан дегенде адамдар цифрлы валютаны қолданатын елді елестете бермейді. Алайда, елде блокчейн индустриясы жақсы қолға алынған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G-Global деп аталатын жаңа халықаралық криптовалюта құруды ұсынып отыр. Валютаның пайдасы мен зияны әлі нақтыланбағанына қарамастан, бұл бақылауға тұрарлық қызықты жоба болып отыр.
Қазақстанның G-GLOBAL жобасы - ойланарлық ұсыныс
Көптеген адамдар халықаралық қаржы жүйесінің жақсы жоба екеніне келісе бермейді. Мұнда ақшаны өзге елге жіберу өте қымбат. Ақша жіберуге кететін шығындарға қарамастан, бұл жағдай да уақыт өте келе нашарлап кетті, кешігулер көбейді. Алайда қазіргі жағдайды да жақсы деп айтуға келмейді, өйткені алда не болатыны әлі анық емес. Бірақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені толыққанды шешудің өте қызықты әдісін ұсынып отыр. Оның идеясы қарапайым және ақылға қонымды.
Халықаралық деңгейде ақша аудару үшін жаңа халықаралық сандық валюта жасап шығару үлкен маңызға ие. Алайда, адамдардың көпшілігі түсініп болғанға дейін бұл мақсатқа қол жеткізу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, олар үшін қазіргі уақытта қосымша ақы төлегеннен басқа қолайлы жол жоқ.
Қазақстан жаһандық қаржы құрылымын өзгертуге арналған жаңа криптовалюта G-Global жобасын ұсынып отыр. Ол спекуляцияны, валюталық соғыс пен нарықтық құбылмалылықты төмендетуге арналған есеп айырысу және төлем бірлігі ретінде қызмет етеді. Алайда, бұл Bitcoin немесе Ethereum сияқты тұрақты криптовалюта болмайды, бірақ бұл мақсатқа қызмет ете алмайды дегенді білдірмейді.
Қазақстан тұтынушылардың барлық талаптарын қанағаттандыратын ашық әрі оңай механизіммен жұмыс жасайтын жоба болғанын қалайды. Бірақ бұл валютаның қалай жасалатыны әлі белгісіз. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып болып отыр. Әрине, жоқ жерден жаңа ғаламдық валютаны жасау оңай емес. Тіпті әлем мемлекеттері де мұны әлі жасай алған жоқ. Сондықтан Қазақстан басқа елдер бұл ұсынысты қарастырып, жаңа валюта жасауға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
G-Global «орталық банктердің күші» арқылы құрылуы бек мүмкін.