Байқоңыр қалалық сотында Елбасы жолдауы талқыланды

Байқоңыр қалалық соты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

Семинарға төраға міндетін атқарушы Елена Шевцова, судья Асыл Ізтелеуова және сот мамандары қатысты. Іс-шараны ашқан төраға міндетін атқарушы Е.Шевцова өз сөзінде: «Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Соған сәйкес, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады», - деп айтып өтті.

Судья А.Изтелеуова баяндамасында: «Елбасымыздың бұл жолғы жолдауының тоғызыншы мәселесінде сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда, заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілгендігі, адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейетіндігі, құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалғаны және азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет екендігі айтылады» -деді.

Семинар соңында қатысушылар өзара жолдауды талқылап, пікір алмасып, Елбасымыздың сот жүйесінің институционалды тұрғыдан өзгеруіне байланысты алға қойған жоспарларын жүзеге асыруға белсенді жұмыс жасайтындықтарын білдірді.

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі

 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2018 г. 500 0