"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетіндерге кеңес

"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы баспаналы болғысы келетіндер не істеуі керек?". Tengrinews.kz редакциясының сауалхатындағы осы сұраққа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Сара Құрманғожина жауап берді. 
Маман бағдарламаның негізгі бес бағыты бойынша баспаналы болу үшін не істеу қажет екенін түсіндірді.  Бағдарламаның ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру деген бағыты бойынша кез келген жеке тұлға: 
- банкке нарықтан бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген кредит алу үшін ипотекалық қарыз алуға құжаттарды (бастапқы тұрғын үйдің және өзінің жеке құжаттары) және субсидия алуға өтініш беру тиіс; 
- ішкі құжаттарымен белгіленген процедураларға сәйкес банк төлем қабілеттілікті және ұсынған кепілдікті бағалайды; 
- ипотекалық қарыз беру туралы оңтайлы шешім қабылданған жағдайда, банк 3 жұмыс күні ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясына субсидия беру туралы қолдаухат жолдайды; 
- Ипотекалық компания 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексереді және субсидиялау туралы шешім қабылдайды; 
- шығарылған шешімнің негізінде банк қарыз алушымен банктік қарызы, төлеу кестесін, ипотекалық келісімін жасасады. 
Жеке құрылыс салушылардың субсидияланған кредит алу арқылы салынған тұрғын үйден пәтер алу үшін жеке тұлға: 
- Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы ретінде депозит ашып, қаражат жинап белгіленген бағамен  баспана сатып ала алады (220-260 мың теңге/ш.метр); 
- немесе өз қаражаты есебінен нарықтық бағамен сатып алу мүмкіндігі бар. 
салған кредиттік тұрғын үйлерді алу үшін: 
Баспанаға мұқтаж адамдар Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің салымшысы болуы немесе әкімдіктердің есебіне кезекке тұрып, сонымен қоса банкте депозит ашуы тиіс. 
Бұл ретте, олар қысқаша айтқанда мына негізгі талаптарға сәйкес болулары тиіс: 
- РҚ азаматтығына немесе оралман статусына ие болу; 
- төлем қабылеттілігін растау;
 - соңғы 5 жылда ҚР жылжымайтын мүлігінің болмауы. 
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорынан баспанаға ие болу үшін: Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына сатып алуысыз тұрғын үй заңнамасына сәйкес кезек тәртібінде жалға берілетін болады. Бұл бағыт бойынша салынатын баспананы алу үшін әкімдіктерде кезекке тұру қажет. 
тұрғын үй құрылысын дамыту деген 5-ші бағыт бойынша: Осы бағыт жеке тұрғын салу мақсатында әкімдіктерде жер учаскесіне кезекте тұрған адамдарға арналған. Өз күшімен жеке үй салуға ниетті адамдарға инженерлік желілері тартылған дайын жер учаскелері беріледі. Ал әкімдіктер тарапынан пилоттық жоба аясында салынған дайын жеке үйлерді алуға ниетті кезекте тұрған адамдар әкімдіктерге жүгініп, осы үйді өз қаражаты есебінен немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің қарызы арқылы сатып алу мүмкін. Осындай үйлер облыс орталықтарында және болашағы бар перспективті кіші және моноқалаларда салынады. Учаскелер мен үйлерді жоспарлау, жайғастыру, бөлу мәселелері әкімдіктердің құзыретіне кіреді. 
Еске салайық, "Нұрлы жер" бағдарламасы 2017-2031 жылдарға арналған. ҚР Президентінің тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет "Нұрлы жер" бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2018 г. 739 0