« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сырдария ауданы – ежелден егіннің ебін, түліктің тегін танитын, шаруақор халық. Бүгінде, ауданның қарымы нық, қарқыны берiк, ертеңi айқын. Бұны Сырдария ауданының ауылдық округтері әкімдерінің халыққа берген жылдық есебінен байқадық.
Кеше ауданға қарасты Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдық округтері әкімдері тұрғындарға жыл бойы атқарылған жұмыстарын саралады.
Есеп беру жиынына аудан әкімі Ғ.Қазантаев, облыстан бекітілген өкіл ретінде облыс бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқайымова және облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов қатысты.
Аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін атап өтті. Жоспарлардың артығымен орындалғанын, үстіміздегі жылы да жүйелі жұмыстар жүзеге асатынын жеткізді. Ал басты жаңалық, биыл Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл екенін, айтулы датаға орай ауқымды іс-шаралар өткізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, халық саны 2 мыңнан асатын 1 кент, 7 ауылдың дербес бюджеті болатынын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз бюджетін толықтыратынын айтты.
Айдарлы ауылдық округінің әкімі Ғ.Дүйсебеков, ауылдық учаскелік полиция инспекторы М.Байназаров есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді. Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін облыс бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева және облыс бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. Есеп беру жиынында бірқатар ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне жоғары баға берді.
Келесі жиын Жетікөл ауылдық округінде жалғасты. Ауыл әкімі Ж.Қожахметов, учаскелік полиция инспекторы Н.Серкешбаев жылдық атқарылған жұмыстарды баяндады. Шара барысында «көмекші сақшы» қызметіне келісім-шарт негізінде екі адам алу жайында ұсыныс айтылды. Ал, ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Камалов жасалған жүйелі жұмыстарға алғысын білдірді.
– Шағын ауылдар қатарына кіретін Жетікөл ауылында кәсіпкерлік өріс жайып келеді. Өндірістік кооперативтер ашылып, мемлекет қолдауымен мал басын көбейтіп және бордақылап, облыс халқын ет өнімдерімен қамтамасыз етуде. Ауылға су келетін каналдың бітеліп қалуына орай былтыр 11 шақырымға дейінгі ішкі жағы тазаланып, су келді. Ауыл халқы егін егіп, мол өнім алды, – деді ардагер. Сонымен қатар, биыл жетікөлдіктер ауыз суды үйлеріне кіргізетін болады. Бұл халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі аудандағы соңғы ауыл болмақ.
Аманкелді ауылдық округі әкімі Қ.Құлымбетов есепті баяндамасында кәсіпкерлікке баса мән берді. Оның айтуынша, биыл ауылдан құны 30 млн теңге болатын 8 жоба ұсынылып, 12 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Сырдария ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |