Елбасының 2018 жылы қаңтар айында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылап, насихаттау жұмыстары жалғасуда. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы «Әділет» БПҰ мен кітапхана қызметкерлері «Елбасы жолдауы – жаңғыру жолы», «Төртінші өнеркәсіптік революция - дамудың жаңа мүмкіндігі» және «Жаңа ғасыр және сандық технология» тақырыптарында көрмені оқырмандар назарына ұсынды.
Көрменің мақсаты - ҚР Президенті айқындап берген 10 міндеттің мазмұнын, Жолдауды қолдау туралы айтылған пікірлерді оқырмандарға жеткізу, насихаттау.
Халыққа арналған жаңа Жолдау ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямыздың одан әрі дамытуымыз керектігін атап өтті. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандықтар біздің қоғамыздың идеалына айналуға тиіс.